«AMANAT» партиясы Саяси кеңесі Бюросының құрамына өзгерістер енгізілді

Автор: Azattyq Rýhy

Партияның Саяси кеңесі Бюросының құрамына кіретін мүшелер саны 9-дан 13-ке артты

«AMANAT» партиясы Саяси кеңесі Бюросының құрамына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Саяси кеңестің қаулысымен AMANAT партиясы Саяси кеңесі Бюросының жаңа мүшелері сайланды. Бюроның құрамына енгендер:
Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;
 
Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы;
 
Асхат Раздықұлы Оралов – «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы;
 
Максим Николаевич Рожин – Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті.
 
Осылайша, «AMANAT» партиясы Саяси кеңесі Бюросының құрамына кіретін мүшелер саны 9-дан 13-ке артты.

Тегтер: