ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды

Azattyq Rýhy

Бұл қызметке Данияр Қадыров келді

ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Данияр Рамазанұлы Қадыров ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Данияр Қадыров 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. 

Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары департаментінің жетекші маманы қызметінен бастаған. 

2000-2004 жылдары — ҚР Мәдениет министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдар атқарған. 

2004-2005 жылдары — ҚР БҒМ Жастар саясаты департаменті директорының орынбасары; жастар және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы. 

2005-2007 жылдары — Степногорск қаласы әкімінің орынбасары. 

2007 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі болды. 

2007-2013 жылдары — ҚР Моңғолиядағы елшілігінің кеңесші-уәкілі. 

2013-2015 жылдары — ҚР Түрікменстандағы елшілігінің кеңесші-уәкілі. 

2015-2019 жылдары — «ҚР телерадио хабарларын тарату операторларының қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры. 

2019 жылдан бастап қазірге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.