Мемлекет басшысы Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентімен қандай тақырыпта әңгімелескені туралы айтты. Бұл туралы ол Twitter желісінде жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Президент Владимир Путинмен сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мәселелері жөнінде сөйлестім. Украинадағы жағдай бойынша келіссөздер арқылы келісімге келу аса маңызды екенін айттым», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.