Бұл қызметке Қайрат Ырзақұлұлы келді
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова жаңа орынбасарының қызметіне сәттілік тіледі.
«Қайрат Ырзақұлұлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси ахуалымен жақсы таныс. Әр түрлі салада жинақтаған мол тәжірибесін, қазіргі таңда маңызды болып саналатын идеологиялық саланы одан әрі жетілдіруге аянбай жұмсайды деп сенім білдіремін.Облыс әкімінің орынбасары ретінде Қайрат Ырзақұлұлы ішкі саясат, дін істері, жұмылдыру дайындығы, мәдениет және спорт салаларына жетекшілік жасайтын болады.Жаңа қызметіңізбен құттықтай отырып, алдағы атқарар жауапты жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз», – деді облыс әкімі.
Қайрат Нұртай 1982 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «инженер-механик», Д.А. Қонаев атындағы университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген. Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясымен мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі академиялық дәрежесі берілген.
Еңбек жолын 2004 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаментінің жетекші маманы ретінде бастаған.