Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы қайда өтетіні белгілі болды

Автор: Еркежан Айтказина

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті

Фото: ашық дереккөзден

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы Брест қаласында өтеді. Бұл туралы Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Ақылбек Жапаров мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Беларусь тарапының бастамасы бойынша Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы 2022 жылғы 21-22 маусымда Брест қаласында өтеді. Бүгінгі отырысқа қатысушыларға нәтижелі және сындарлы жұмысы үшін алғыс айтқым келеді", - деді Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Ақылбек Жапаров.