Еуразиялық экономикалық одақтық ЖІӨ-ге шаққандағы өсімі 4,4%

Қырғызстанның Премьер-министрінің айтуынша, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен жоғары

Қазақстанның төрағалығымен өткен Еуразиялық экономикалық одақ 2021 жылды өте жемісті аяқтады. Бұл туралы Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Ақылбек Жапаров мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Өткен жылдың қаңтар-қараша айының қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің одақтық өсімі 4,4% деңгейінде қалыптасты, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен жоғары. Осы кезеңде ЕАЭО-дағы өнеркәсіп өндірісі 5,1% - ға өсті. Үшінші елдермен сыртқы сауда көлемі 34,3%-ға, оның ішінде тауарлар экспорты 42,5%-ға өсті. Өзара сауда көлемі үштен бірге өсті, экспорт көлемінің өсуі ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттерде байқалады», – деді Ақылбек Жапаров 

Оның айтуынша, экономикалық белсенділікті қалпына келтіру мақсатында пандемияға қарсы іс-қимыл, тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету және дағдарыс жағдайында бизнес үшін жағдай жасау жөніндегі бірлескен іс-қимыл нәтижесін атап өтті. 

«Қырғыз Республикасының Одақтағы төрағалығы аясында, одақ мемлекеттерінің басшыларына үндеуінде Қырғыз Республикасының Президенті, Садыр Жапаров мүше мемлекеттердің ұлттық экономикасын қолдауға және біздің елдеріміздің экономикалық өсу қарқынын инклюзивті дамытуды басымдыққа алады»,-деп түйіндеді Қырғызстан Премьер – министрі.

Айта кетерлігі, Нұр-Сұлтан қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті. Оған Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей үкіметі басшылары қатысты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.