$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Батыс елдерінің қысымына қарамастан ЕАЭО елдері бірге болады− Ресей Үкіметінің басшысы

Нұр-Сұлтанда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтіп жатыр

Батыс елдерінің қысымына қарамастан ЕАЭО елдері бірге болады− Ресей Үкіметінің басшысы

Одақтың экономикалық-қаржылық көрсеткіштеріне Ресей Президенті өз бағасын берді және одақтың дамуына қатысты атқарылуы тиіс тапсырмаларды атады. Бұл туралы Ресей Үкіметінің басшысы Михаил Мишустин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қандай жағдайда да одақ елдері бірге. Батыс елдерінің сыртқы қысымға қарамастан біз түсіністікте жұмыс жүргіземіз. Одақ қарқынды дамып келеді. Өткен жылы тауар айналымы рекордтық межеге жетті. Одақ елдерінің экспорты 42 пайыз болды. Бұл -  пандемияға дейінгі көрсеткішпен тең. 2025 жылға дейін Еуразиялық экономикалық одақ интеграциясын дамытуға басымдық береміз. 200-ден астам іс-шаралар жоспары бар», - дейді Ресейдің Үкімет басшысы.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтіп жатыр. Отырысқа Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей үкіметі басшылары қатысуда.

Серіктес жаңалықтары