Одақ аясында бизнеске және тұтастай интеграцияға келтірілген залалды анықтау керек − Премьер-Министр

Автор: Еркежан Айтказина

Бұл туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы кезінде мәлім болды

Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясы экономикалық тауар тасымалындағы кедергілерді бағалаудың әдістемесін әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы кезінде мәлім болды.

«Кедергілерді анықтаумен қатар, бизнеске және тұтастай интеграцияға келтірілген залалды бағалау керек. Мысалы, Ресейдің ағаш өнімдерін одақ аясындағы елдерге экспортты шектеу Қазақстандағы бүтін бір саладағы өнеркәсіпті тежеп отыр. Одақтың үшінші елдерге экспортын арттыру мақсатында 5 жыл бұрын басталған жұмыс бүгінгі күні практикалық іске асыру сатысының әлі аяқталмағанын көрсетеді. Бұл олқылықтарды тез арада орындалуын қамтамасыз ету қажет. Порт қызметтеріне қол жеткізу шарт ережелерін бекіту және тиісті кепілдік беретін келісімдерді іске асыру керек. Сондай-ақ елдеріміздің экспортын дамыту үшін де маңызды», - дейді Үкімет басшысы.