Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Azattyq Rýhy

Бұл қызметке Әлібек Жақанбаев келді

Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысы әкімінің өкімімен Жақанбаев Әлібек Әскербекұлы облыс басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Әлібек Әскербекұлы Жақанбаев 1964 жылы туған. 

Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын орман шаруашылығының инженері мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын Алакөл ауданы «Левобережный» кеңшарының жұмысшысы болып бастады. Әр жылдарда Семей қаласында «Зеленстрой» шаруашылық есептегі учаскесі көгалдандыру бөлімінің агрономы, Алакөл ауданында Алакөл механикаландырылған орман шаруашылығының жұмысшысы, цех шебері, инженері, Үшарал орман шаруашылығында орманшы, бас орманшы, «Қаратал орманы» ММК Алакөл филиалының директоры, «Талдықорған ағаштары» ММК Алакөл филиалының директоры, «Алакөл орман шаруашылығы» ММ директорының орынбасары, директоры, Сарқан, Алакөл, Еңбекшіқазақ аудандарының әкімі қызметтерін атқарды. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.