Үкімет «Қазақстанның Даму Банкін» реформалау барысын талқылады

Автор: Azattyq Rýhy

Индустриялық өндірістерді қаржыландыруға көбірек бағдарланады деп жоспарланып отыр

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Премьер-министр Әлихан Смайылов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қызметін реформалау мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Реформалау аясында ҚДБ еліміз үшін стратегиялық және экономикалық маңызы бар, өтелу мерзімі ұзақ ауқымды әрі капиталды көп қажет ететін инвестициялық жобаларды, сондай-ақ индустриялық өндірістерді қаржыландыруға көбірек бағдарланады деп жоспарланып отыр.

«ҚДБ жаңа өндіріс орындарын құру жобаларын қаржыландыруға маңыз беруі тиіс. Қызметтің ашықтығын арттыру, бизнес-процестерді оңтайландыру мен цифрландыру және Банк қызметтерінің қолжетімділігін кеңейту жөніндегі жұмыстарды одан әрі жалғастыру қажет», - деп атап өтті Үкімет басшысы Ә.Смайылов.