Конституцияға сәйкес, Парламенттің әр палатасы ОСК мүшелерін тағайындайды
Бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Орталық сайлау комиссиясының мүшелігіне Ерлан Дауылбаевтың кандидатурасын ұсынды.
«Құрметті депутаттар, ҚР Конституциясының 57, 58 бабына сәйкес, Парламенттің әр палатасы ОСК мүшелерін тағайындайды. Соған сәйкес Ерлан Сламханұлы Дауылбаевтың кандидатурасын ұсынамын», - деді Нұрлан Нығматулин.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Ерлан Дауылбаев ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып бекітілді.
Ерлан Дауылбаев көп жылдар бойы әділет саласында, Орталық сайлау комиссиясы жүйесінде қызмет еткен. Сондай-ақ Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы болды.