«Үлкен жауапкершілік»: Асхат Оралов Nur Otan-ның Атқарушы хатшысы ретінде алғашқы жазбасын жариялады

Azattyq Rýhy

Ол жаңа идеялар мен ұсыныстарға әрқашан ашық екенін айтты

«Үлкен жауапкершілік»: Асхат Оралов Nur Otan-ның Атқарушы хатшысы ретінде алғашқы жазбасын жариялады

Күні кеше Nur Otan партиясының Атқарушы хатшысы болып тағайындалған Асхат Оралов өзіне білдірген сенім үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, партияның алдында жаңа міндеттердің тұрғанын мәлімдеді.

«Құрметті достар! Кеше «Nur Otan» партиясының Атқарушы хатшысы ретінде жұмысқа кірістім.

Ең алдымен, Қазақстан Республикасының Президенті, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа сенім артқаны үшін алғыс айтқым келеді. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік.

Алдымызда атқаратын жұмыстар көп. Партияның алдында тұрған міндеттерді орындауға бар күш-жігерімізді саламыз», - деп жазды А.Оралов өзінің Facebook-парақшасында.

Ол сондай-ақ, елорда әкімдігінде бірге жұмыс істескен әріптестеріне бірлесе атқарған жұмыс үшін де алғыс айтты. Еске салайық, Асхат Оралов Nur Otan партиясына келерден бұрын Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.