Оның орнына Ерлан Қошанов сайланды
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинді қызметінен өз еркімен босату туралы мәселені қарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Депутаттар ҚР Конституциясының 58-бабының 2-тармағына сәйкес, Нұрлан Нығматулинді Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі төрағасы қызметінен өз еркімен босату туралы қаулының жобасын дауысқа қойып, ол бірауыздан қабылдады.
«Биыл Мәжіліс спикері болғаныма 10 жыл толып отыр. Үш шақырылым төраға болдым. Бұл, әрине аз уақыт емес. Осы уақыттың ішінде, еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне белсене араласып, елімізге, халқымызға қажетті, сапалы заңдар қабылдау жолында бірлесіп, аянбай еңбек еттік. Бұл жолда ең алдымен Елбасымыз, «Nur Otan» партиясының негізін қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, қазіргі Мемлекет басшысы, партиямыздың Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа маған осы жылдарда бірнеше лауазымды қызметті сеніммен тапсырып, әрқашанда қолдау көрсеткені үшін, шын жүректен алғысымды білдіремін», - деді Нығматулин.
Нұрлан Нығматулин үш шақырылым бірге жұмыс істеген барлық депутаттарға және өзге де әріптестеріне алғыс айтты.