28 қаңтарда партияның Төрағасы сайланады
28 қаңтарда Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI Съезі өтетіні белгілі. Партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек аталған жиынның күн тәртібі бекітілгенін айтты.
«Nur Otan» Саяси кеңесінің қаулысымен (Жарғының 9.4. тармағына сәйкес) партияның кезектен тыс XXI Съезінің келесі күн тәртібі бекітілді: 1. Партия Төрағасын сайлау туралы; 2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; 3. Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы», - деп жазды Б.Байбек өзінің Twitter-парақшасында.
Айта кетейік, бүгін астанада Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтіп жатыр.