Бизнестің үлкен көлемі бір қолға шоғырланған − Тоқаев

Автор: Еркежан Айтказина

Тоқаев республикада жұмыс істегісі келетін азаматтардың, әсіресе, жастардың көп екенін атап өтті

Президент кәсіпкерлермен кездесу барысында отандық кадрлардың әлеуетін арттыру таралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мен жеке кәсіпкерлердің шетелдік жұмысшыларға арналған квоталарды кеңейту идеясын дұрыс емес деп санаймын», - деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы елде шынымен жетіспейтін аясы тар мамандарды ғана жұмысқа шақыру керектігін қадап айтты.

Тоқаев республикада жұмыс істегісі келетін азаматтардың, әсіресе, жастардың көп екенін атап өтті.

Сондақ-ақ Президент бизнестің үлкен көлемі бір қолға шоғырланғанын, бұл қоғамдық күйзеліске және елге сенбеуге әкеп соқтыратынын мәлімдеді.