Кәрім Мәсімов ҰҚК Төрағасы қызметінен босатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның орнына Ермек Сағымбаев тағайындалды

Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Төрағасы қлауазымынан босатылды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Аталған қызметке Ермек Сағымбаев тағайындалды.

«Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымына тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылсын», - делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.

Айта кетейік, бұған дейін ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары тағайындалған болатын. Бұл лауазымды атқарған Самат Әбіштің орнына Мұрат Нұртілеу келді.