Александр Лукашенко украиналық БАҚ өкілдерімен кездесуде ҚР Президенті Тоқаев туралы айтты
Беларусь президенті Александр Лукашенко украиналық БАҚ өкілдерімен кездесіп, журналистерге Ресей, Қазақстан және Украинадағы әріптестерімен қарым-қатынасы туралы айтып берді.
«Мен билікке жаңадан келген жандармен жиі сөйлесіп тұрамын. Мәселен, Қазақстан Президенті Тоқаевпен. Біз өте жақсы араласамыз, бір-бірімізді өте жақсы түсінеміз. Ол өте білімді адам, кезінде қытай тілін меңгерді. Оған деген құрметім ерекше, сондай ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президентімен де өте жақсы қарым-қатынастамын», - дейді Лукашенко.
Беларусь басшысының айтуынша, ол қазіргі Қазақстан Президентіне толықтай сенеді және ашық сөйлеседі. «Ол ешкімге менің сөзімді бұрып айтпайды. Сіздердің президенттеріңіз де сондай деп ойлаймын (Зеленский - редакция). Президенттеріңізге қажет болса айтайын, менде жасыратын ештеңе жоқ, барлық тақырыпта бүкпесіз әңгімелесуге дайынмын», - дейді Беларусь президенті.