Қазір IPO-ға тіркелген халық саны 204 мың адам ғана
Бүгін Мәжіліс отырысында Нұрлан Нығматулин халықтық IPO-ға қатысқан Қазақстан азаматтары үлесінің аздығын сынға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Елбасы 2019 жылы Қазақстан азаматтары жекешелендіру процессіне IPO арқылы қатысуға шақырған еді. Сол жылы Kcell, KEGOC, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның халықтық IPO-ға акциялары шығарылды. Одан кейін бәрі тоқтап қалды. Халықты жекешелендіруге тарту ісі жайына қалды. Жеке инвестор нарыққа келген жоқ. Сондықтан пандемия кінәлі емес. Биыл Президент халықтық IPO бағдарламасын жандандыруға тапсырма берді. Оған қатысушы бірінші кезекте Қазақстан азаматтары болуы керек еді. Қағидат айқын – халық ұлттық байлықтан өз үлесін алу керек еді. Қазіргі қаржы нарығының өсуі кезінде бұл бастама аса өзекті болып отыр. Ұлттық банктың есебі бойынша қор нарығында есім 3 есе артқан. Бұл елдің ЖІӨ-нің 67%-ын құрайды», - Мәжіліс төрағасы.
Оның айтуынша, қазір қор нарығы капиталдарды бөліп беретін орынға айналған. Қазір IPO-ға тіркелген халық саны 204 мың адам ғана. Бұл 1 %-ға да жетпейді. Көрші Ресейде бұл көрсеткіш 10%-дан жоғары.
«Әрине, халықтың қаржылық сауаты жетеді деп айта алмаймыз. Бұл бағытта жұмыс жүргізілуі керек. Бұл тақырыпқа біз әлі ораламыз», - Нығматулин.
Мәжіліс отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, пандемия кезінде қаржы алаяқтары мен делдал инвестициялық компаниялардың саны күрт артқан. Олар өздерін бағалы қағаздар нарығында кеңес береміз деп жарнамалайды.
«Жыл басынан бері бізге 80-ге жуық арыз-шағым келіп түсті. Осыған орай осы жылдың маусым айында агенттік сайтында алаяқтық бойынша ұсталған қаржы ұйымдарының тізімін жасадық», − дейді М.Әбілқасымова.