Сұқбаттың толық нұсқасы – «Azat Podkast» жобасында
Тегерандағы қазақ диаспорасының өкілі Жафар Шадкам АҚШ пен Иран арасында соғыс басталса, қандастарымызға қауіп төнуі мүмкін деп алаңдап отыр.
«Этникалық қазақтар негізінен Каспий жағалауына жақын Гүлстан аймағында шоғырланған. Негізі бұл өңір Ресейге жақын. Әрі соғыс ошағынан алыс жатыр. Десек те, Иранның әр жерінде жүрген бауырларымыз бар ғой. Соғыс басталып кетсе, оларға әрине қауіп төнуі мүмкін», - дейді Жафар Шадкам.
Сондай-ақ, ол Тегерандағы халықтың тұрмыс тіршілігі бұрынғыдай екенін, мемлекеттік мекемелердің қалыпты жұмыс істеп жатқанын айтады. Әлеуметтік желілерде ирандықтар АҚШ-қа қарсы жаппай наразылық акцияларын бастаған. Ол – генералдың өлімі үшін кек қайтаруды білдіретін белгі. Яғни, Америка сарбаздарына «аяқтарыңа тік тұрған күйде келіп, табытқа жатқан күйде қайтасыңдар» дегенді меңзейді.