Еуропалық Одақ өкілдері Катарда "Талибан"қозғалысының содырларымен диалог жүргізді
Еуропалық Одақ өкілдері Катар астанасы Дохада "Талибан" қозғалысының содырларымен екі күндік диалог өткізді. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
Еуропалық сыртқы саяси қызметте келіссөздердің ЕО тарапынан Ауғанстанның уақытша үкіметін мойындауды білдірмейтіні, бірақ ЕО мен ауған халқының мүдделері үшін жедел өзара іс-қимылдың бір бөлігі болып табылатыны айтылды.
Диалог барысында «Талибан» елден кеткісі келетін шетелдік азаматтар мен ауғандықтардың қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету туралы уәдесін растады және әуежайлардың жұмысын қолдауға көмек сұрады. Сондай-ақ, екі тарап қыс жақындаған сайын гуманитарлық жағдайдың нашарлауына алаңдаушылық білдірді. Еуропалық Одақ мұқтаж ауғандықтарға көмек көрсетуді жалғастыра беретінін жеткізді.
Қыркүйек айында Ауғанстанда билік құрған "Талибан" қозғалысымен келіссөздерді бастау қажеттілігін ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель атап өткен еді.
Оның айтуынша, Ауғанстанда болған оқиға ауғандықтар үшін қайғылы, ал батыс елдері үшін сәтсіз оқиға болды. Ол сондай-ақ, тәліптердің Ауғанстан үкіметіндегі жеңісінен кейін бұл жағдайдың басқа мемлекеттерде қайталанбауы үшін қорытынды жасау керек екенін атап өтті.
Сондай-ақ, Боррель Еуроодақ елдерінің басшылары Ауғанстанның жаңа билеушілері бірқатар ережелерді сақтаса, "Талибанмен" ынтымақтасуға дайын екенін айтқан болатын. ЕО мен Талибанның өзара іс-қимылының ықтимал шарттарының бірі ретінде ол ауғандықтар үшін гуманитарлық көмекке еркін қол жетімділікті қамтамасыз етуді, сондай-ақ адамның негізгі құқықтары мен заң үстемдігі қағидатын сақтауды атап өтті. Ол "Талибан" билігіндегі Ауғанстан терроризмді басқа елдерге экспорттаудың негізі болмауы керек деп атап өтті.