«Байқоңырда» «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгеріс енді

Автор: Azattyq Rýhy

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысы «2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады», - делінген «Ақорда» хабарламасында.