Елбасы партияға 22 жыл жетекшілік еткен
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Төрағасы лауазымын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібаев өзінің Twitter-парақшасында жазды.
Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев президенттіктен кеткеннен кейін «Nur Otan» партиясының Төрағасы лауазымында қалған еді.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Nur Otan» партиясына 22 жыл жетекшілік етті.
Бүгін партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Nur Otan» партиясының Төрағасы лауазымы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілді.