Бұған дейін аталған жиын 2019 жылдың тамыз айында өткізілген болатын
Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы Төрағаның бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Twitter-парақшасында жазды.
«Nur Otan партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаев 23 қарашада Саяси кеңестің кеңейтілген отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойды», - деп жазды Б.Байбек.
Айта кетейік, Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы соңғы рет 2019 жылдың тамыз айында Елбасының төрағалығымен өткізілген болатын.