Си Цзиньпин қақтығысты болдырмауға келісті: ЕО Беларусь еліне қарсы бесінші санкциялар пакетін дайындап жатыр
АҚШ президенті Джо Байден мен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин алғаш рет видео арқылы кездесу өткізді. Басшылар бірнеше сағат бойы екі ел арасындағы келіспеушіліктер мен серіктес бола алатын салаларды талқылады. Бұл туралы Azattyq Rýhy BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін олар екі мәрте телефон арқылы тілдескен. Америкалық басылымдардың жазуынша, Ақ үй жеке кездесуге үмітті болған, бірақ екі жыл бойы Қытай шекарасынан аспаған Си Цзиньпин шетелге шығуға дайын болмаған.
«Ескі досымды көргеніме өте қуаныштымын», - деді Қытай басшысы кездесудің басында. Ол екі ел арасындағы құрметті, ынтымақтастық пен тұрақты қарым-қатынастың қажеттілігін атап өтті.
Си Цзиньпин АҚШ пен Қытай экономикасы жағынан әлемдік көшбасшылар екенін және екі ел де БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері екенін атап өтті.
Байден маусым айында тілшілердің сұрағына жауап беру барысында Си Цзиньпинмен дос емес екенін, бір-бірін бұрыннан танитындықтарын айтқан болатын. Бірақ сейсенбідегі кездесуде Америка президенті қытайлық әріптесімен байланыстыратын бейресми және шынайы қарым-қатынасты сипаттады.