АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

Автор: Azattyq Rýhy

Вашингтон Ресейге қарсы жаңа санкцияларды Украинаға байланысты енгізбек

Фото ашық дереккөзден

АҚШ Украинаға байланысты Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі, деп жазады Bloomberg.

Басылымның дереккөздері американдық саясаткерлер Еуропалық Одақ мемлекеттерінің билігімен бірге Украинаға қатысты "Ресей агрессиясы" жағдайында шектеу шараларының жаңа пакетін қабылдау мүмкіндігін әзірлеп, талқылап жатқанын айтты. Американдық басшылықтың пікірінше, бұл шаралар Мәскеудің саясатына қарсы тұруы керек. Сондай-ақ, АҚШ Киевке қосымша әскери көмек ұйымдастыруды ұйғарды.

Дүйсенбі, 15 қарашада Батыс елдерінің арнайы қызметтері Киевке Украинадағы жағдайды тұрақсыздандыру мақсатында Ресей тарапынан агрессияға дайындалып жатқандығы туралы ескертті. Украина Қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр Ресейдің осы қыста басып кіруге тырысу ықтималдығы жоғары екенін айтты.

Соңғы кездері Батыс елдері Украина шекарасына жақын жерде Ресей әскерлерінің көбейгені туралы айтып жүр. Ал Кремль «Ресей өз танктерін Украина шекарасын әкелді» деген хабар шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.