Түркия президенті өзін әлемдегі ең тәжірибелі көшбасшы деп атады

Автор: Azattyq Rýhy

Ердоған президенттік таққа 2014 жылы отырған болатын

Фото ашық дереккөзден

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған өзін әлемдегі ең тәжірибелі көшбасшы деп атады. Саясаткер бұл туралы Түркияның солтүстік-батысындағы Чанаккале провинциясында жастармен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Lenta.ru.

Түрік басшысы өзінің күллі әлемді білетінін атап өтті.

"Мен мұны мақтану үшін емес, басқа көшбасшылар арасында өз орнымды нақтылау үшін айтамын", - деп түйіндеді ол.

Ердоғанның пікірінше, түрік халқы үшін кімнің кім екенін білу маңызды.

Айта кетейік, 2003 жылы Ердоған Парламенттік сайлауда әділеттілік пен даму партиясының жеңісінен кейін Түркияның премьер-министрі болды. 2014 жылы ол ел президенті болып сайланды, ал 2018 жылы екінші мерзімге қайта сайланды.