Елбасы Дәулет Сембаевтың туған-туыстарына көңіл айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Елбасы Дәулет Сембаевтың жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді

Елбасы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Дәулет Сембаевтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Elbasy.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті көрнекті қаржыгер, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Дәулет Сембаевтың  өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

«Саналы ғұмырын отандық қаржы саласын дамытуға арнаған Дәулет Хамитұлы тәуелсіз Қазақстанның зейнетақы жүйесін реформалауға, ұлттық валютамыз – теңгенің енгізілуіне елеулі үлес қосқан қайраткер тұлға болатын. Ол көптеген жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары, Ұлттық банк төрағасы, Парламент Сенатының депутаты болды.

Білім-білігімен және қажырлы еңбегімен еліміздің өсіп-өркендеуіне аянбай атсалысып, көптің зор құрметіне бөленді», – делінген жеделхатта.

Елбасы Дәулет Сембаевтың жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.