Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысына қатысады

Автор: Azattyq Rýhy

Баспасөз қызметі 15:00-де Facebook әлеуметтік желісінде ұйымдастырылады

Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысына қатысады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жиын барысында Президенттің Ұлттық кеңес аясында бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы, сондай-ақ ҰҚСК мүшелерінің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелері жөніндегі ұсыныстары талқыланады деп жоспарлануда. Отырыс Кеңестің өңірлердегі мүшелерінің қатысуымен онлайн форматта өтеді.

Президенттің Баспасөз қызметі 15:00-де Facebook әлеуметтік желісіндегі AkordaPress парақшасы арқылы ҰҚСК жиынынан тікелей көрсетілім ұйымдастырады», - деп жазды Берік Уәли.