Жаңа судья Сенат отырысында ант берді
Бүгін Сенат отырысында Жоғарғы Соттың судьясы қызметіне Берік Нәжімеденов тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Берік Төлеутайұлы, Жоғарғы Соттың судьясы қызметіне тағайындалсын деген Сенаттың қаулысы қабылданды. Қызметке тағайындалуыңызбен құттықтаймыз! Алдағы жұмысыңызға табыс тілейміз!» − деді Сенат Төрағасы М.Әшімбаев.
Сенат отырысында Жоғарғы Соттың судьясы қызметіне тағайындалған Берік Нәжімеденов ант берді.
Еркежан Айтқазы, Нұр-Сұлтан қаласы