Боливияның Парагвайдағы елшісі интернетте сәтсіз әзілдеп, жұмысынан қуылды

Автор: Azattyq Rýhy

Марио Кронембольдтің қызметімен қош айтысуына TikTok-тағы жарияланымы себеп болды

Фото ашық дереккөзден

Боливияның Парагвайдағы Елшісі Марио Кронембольд  TikTok-та әзіл жариялады. Сол әзілі үшін саясаткер жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Дипломат әлеуметтік желідегі Парагвайдың мәдени дәстүрлерінің бірін келеке қылған. Елші өз жазылушыларына терераның ұлттық сусынын қолдану туралы айтады. Сонымен бірге ол парагвайлық акцентке еліктеп сөйлеген. Парагвай Депутаттар палатасы дипломаттың бұл қылығын қорлау деп танып, елшіні мемлекеттен алыстату қажеттігін алға тартты.