Алматыда SPA салондардың бірінде интимдік қызмет көрсеткен 15 жезөкше қолға түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Олар – Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарының тұрғындары

Алматыда SPA салонында интимдік қызмет көрсеткен 15 жеңіл жүрісті қыз ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары іс-шараны өткен түнде өткізді. Қалалық криминалдық полицияның мәліметінше, нысандардың бірі элиталық тұрғын үй кешенінде орналасқан болса, тағы екеуі Бостандық және Медеу аудандарының аумағындағы саяжайларда қылмыстық әрекеттерін іске асырған.

Бұл салондарда 15 жеңіл жүрісті қыз клиенттерге интимдік қызмет көрсеткен. Олар – Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарының тұрғындары.