Байден мұнай бағасының көтерілуіне Ресей мен ОПЕК елдері айыпты деп санайды
Байден: Ресей Федерациясы мен ОПЕК-тің қосымша мұнай өндіруден бас тартуы мұнай бағасының өсуіне әкелді
АҚШ президенті Джо Байден Ресей мен мұнай экспорттаушы елдер ұйымына (ОПЕК) мүше мемлекеттерді мұнай бағасының күрт көтерілуіне айыптады. Ол Глазгодағы Климаттық саммитте өткен баспасөз мәслихатында осындай мәлімдеме жасады. Оның сөздерін "Интерфакс"келтіреді.
Байденнің пікірінше, көмірсутектер бағасының өсуі ОПЕК елдерінің, атап айтқанда Ресейдің қосымша мұнай өндіруден бас тартуының салдары болды.
Бұған дейін Байден энергия тұтынушыларын мұнай жеткізілімін кеңейтуге шақырған болатын. Ақ үйдің өкілі Джен Псаки сонымен қатар АҚШ әкімшілігі ОПЕК-ке мүше елдерге энергетикалық нарықтардағы жанармай бағасын төмендету мақсатында әсер етеді деп мәлімдеді.
Bank of America сарапшылары бұған дейін 2022 жылдың жазына қарай Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 120 долларға дейін көтеріледі деп болжаған болатын.