Ол екі дүркін Азия Кубогының иегері
Министрдің бұйрығымен Ислам Ілиясұлы Байрамуков Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ислам Байрамуков 1971 жылы 12 маусымда Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Каменка ауылында дүниеге келген.
Грек-рим күресінен Сидней Олимпиадасында күміс жүлдегері. Екі дүркін Азия Кубогының иегері. 2000 жылы Азия чемпионы, еркі мәрте Шығыс Азия ойындарының чемпионы, бірнеше дүркін ел чемпионы атанған.
1989-1993 жылдары Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтында, 2001-2003 жылдары Қазақ ұлттық университетінде, 2003-2005 жылдары Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік-гуманитарлық университетінде оқыған. 2004 жылы спортты қойып, педагогикалық салаға ауысады.
Жұмыс тәжірибесі:
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2000 жылы «Парасат» орденімен марапатталған, «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалінің иегері.