Ақмола облысындағы жол апатынан 7 адам зардап шекті

Автор: Azattyq Rýhy

Куәгерлер оқиға орнынан видео түсіріп, lnstagram желісінде таратқан

Ақмола облысында жол-көлік оқиғасынан 7 адам зардап шекткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға салдарынан бірден төрт көлік апатқа ұшыраған. Куәгерлер оқиға орнынан видео түсіріп, lnstagram желісінде таратқан.

Полиция жол апатының 1 қаңтарда 12:40-та Алматы - Екатеринбург жолының 1163-шақырымында болғанын айтты. 

«Hyundai Matrix көлігінің 1970 жылы туған жүргізушісі, Қарағанды тұрғыны қарсы беттегі жолға шығып, Mazda маркалы автокөлікпен соғысқан. Hyundai Matrix-тің артынан Нұр-Сұлтанға қарай бет алған Hyundai Accent пен Mercedes-Benz көліктері де апатқа ұшыраған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеті адам зардап шекті», - деді Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Гүлнар Пинчук. 

Полиция мәліметінше, Mazda мен Hyundai Matrix жүргізушілері және жолаушылары зардап шеккен. Олар Астрахань аудандық ауруханасына жеткізілді. 

Қазір апатқа қатысты сараптама жасалып, қылмыстық тергеу басталды.