АҚШ мемхатшысы Қазақстанға сапарын кейінге қалдырды

Автор: Azattyq Rýhy

Майк Помпео Қазақстанға 5 қаңтар күні келеді деп жоспарланған еді

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Бағдаттағы АҚШ елшілігіне жасалған шабуылға байланысты Қазақстанға келу жоспарын кейінге қалдырды, деп хабарлайды, Azattyq Rýhy.

Бастапқыда Майк Помпео Қазақстанға қаңтар айында келеді деп жоспарланған еді.

«АҚШ мемлекеттік хатшысы шұғыл түрде Вашингтонға баруы тиіс болғандықтан, 3-7 қаңтарға жоспарланған Украина, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан және Кипрге жасайтын сапарларын кейінгі қалдыруға мәжбүр болды. Ирактағы жағдай мен америкалықтардың Таяу Шығыстағы құқықтарын қорғау әрі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сапар кейінге қалдырылды», - деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Морган Ортагус.

Енді АҚШ мемхатшысының бұл елдерге жасайтын сапары алдағы уақытта белгілі болмақ.

Еске салсақ, АҚШ мемхатшысы Майк Помпео Қазақстанға 5 қаңтар күні келуі тиіс еді. Сапар барысында мемхатшы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен және Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуді жоспарлаған болатын.