Талғар қаласының әкімі лауазымына дәрігер сайланды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл лауазымға үш кандидат дауысқа түсті

Алматы облысы Талғар қаласы әкімін сайлауда Қайрат Исабаев жеңіске жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy аудан әкімдігіне сілтеме жасап.

«Қайрат Исабаев 53,5% дауыс жинап, Талғар қаласы әкімінің сайлауында жеңіске жетті. Талғар аудандық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауға қатысу 58%-ды құрады», - делінген хабарламада.

Талғар қаласының әкімі лауазымына үш кандидат дауысқа түсті: Абзал Сағымбекұлы сайлаушылардың 35,3% дауысын жинады, Ұлан Қызайбекке сайлаушылардың 7,7% дауыс берді, барлығына қарсы – 1,6%.

Аудандық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, Қайрат Кәрімұлы Исабаев 1968 жылы туған, бұл лауазымға өзін өзі ұсынған, Қызылқайрат ауылының отбасылық дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі, Талғар қаласында тұрады.