Олар Ашхабадтағы жылқы кешенін аралады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстанға сапарында Гурбангулы Бердімұхамедов ахалтеке арғымағы мен тазы күшігін сыйға тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ашхабадтағы жылқы кешенін аралап көру барысында Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа асыл тұқымды Ахалтеке арғымағын сыйлады.
Бұдан бөлек, еліміздің басшысына түрікмен тазысының күшігін сыйға тартты», – деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.