Ол «Болашақ» стипендиясының түлегі, шетелдегі ЖОО-да білім алған
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметіне Расул Рахимов тағайындалды. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында мәлім болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Конститцияға сәйкес, аталған қызметке кандидатураны Сенат Төрағасы ұсынды.
«Маған берілген құқықты пайдалана отырып сенаттан Есеп комитетінің мүшесі Расул Нұрланұлы Рахимовтің кандидатурасын ұсынамын. Ұсынылған кандидатура Каржы және бюджет комитетінің отрысында алдын ала талқыланды», - деді Мәулен Әшімбаев.
Өз кезегінде Қаржы және Бюджет комитетінің төрайымы Ольга Перепечина Расул Рахимовтің білікті басшы ескеріп, тәжірибесі де жеткілікті екенін ескерді.
«Расул Рахимов «Болашақ» стипендиясының түлегі, шетелдегі ЖОО-да білім алған. ҚР Индустрия және сауда министрлігі мен ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық талдау және жоспарлау саласында жұмыс тәжірибесі бар», - деді Ольга Перепечина.
Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан