Бірақ оларға нақты қандай айып тағылғаны әзірге айтылмады
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдеріне сілтеме жасай отырып 24.kz арнасы хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде облыстың бас дәрігерінің мекеме директорынан пара алғаны туралы бейресми ақпарат тараған. Ал спорт басқармасы басшысының не үшін жауапқа тартылып жатқаны белгісіз. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
«Спорт басқармасы және денсаулық басқармасының басшыларына қатысты қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оны растаймыз. Бірақ қосымша ақпаратты тергеудің мүддесіне сәйкес, толыққанды жария ете алмаймыз. Және бізге оған рұқсат етілмеген», - деді СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин.