ЕО Белоруссияға заңсыз мигранттар үшін жаңа санкция салуға ниетті

Автор: Azattyq Rýhy

Еуропалық Одақ Лукашенконың Еуропа мемлекеттеріне қысым жасау әрекеттеріне көз жұмып қарамайды

Фото ашық дереккөзден

Германияның Сыртқы істер министрі Хайко Маас Еуропалық Одақтың (ЕО) Беларусь шекарасындағы көші-қон дағдарысын талқылауды жалғастырып жатқанын айтып, Беларусь президенті Александр Лукашенконың режиміне қарсы "өте сезімтал" санкциялар енгізілуі мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Айта кетейік, Беларусь пен Еуропалық Одақ шекараларындағы көші-қон дағдарысы мамыр айының соңында басталды. Африка мен Таяу Шығыстағы заңсыз мигранттар Литва, Польша және Латвия шекараларына Еуропалық Одақтан пана алу үмітімен шабуыл жасай бастады. Ал Беларусь билігі өздерінің "Центркурорт" атты ұлттық туроператорын  мигранттарды ЕО шекараларына жеткізу үшін қолданып, одан пайдаға кенелді деп болжам жасалған.