Алматы облысында бірнеше көліктің қатысуымен ірі жол көлік оқиғасы болды

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккендер жоқ

Фото ашық дереккөзден

Lada Granta жүргізушісінің кесірінен болған жол апатының видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Алматы облысы полициясының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы таңғы сағат 8-де оңтүстік бағыттағы Алматы – Өскемен тас жолының 19-шақырымында болған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, Lada Granta автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі маневр жасап жатқанда көлігін тізгіннен шығарып алған", – дейді құқық қорғау органдары өкілі.

Апатқа байланысты полиция әкімшілік іс қозғап, Lada Granta көлігі айып тұрағына жеткізілді.