Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ЖЕЭК отырысы өтеді

Автор: Azattyq Rýhy

Мүше елдердің экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамытуды талқылайды

Беларусь Республикасының бастамасы бойынша 14 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бейнебайланыс режимінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының өзекті мәселелері және ЕАЭК-ке мүше елдердің экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамытуды талқылайды», - деп жазды Берік Уәли.