Оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің данагөйлер кеңесінің (АӨІСШК) басшысы лауазымына Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасы ұсынылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл жөнінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі Сыртқы істер министрлерінің 6-кездесуінде айтылды.
«Бүгін біз Данагөйлер кеңесі туралы ережені бекітеміз. Таңертең бізбен кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің құрылтайшысы кандидаттарына Нұрсұлтан Назарбаев мырзаны Данагөйлер кеңесінің басшысы лауазымына тағайындауды ұсынды. Сіздер осы кандидатураны қолдайсыздар деп үміттенемін», – деді АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин.