Бұған дейін Саакашвилиді ұстау сәті түсірілген видео тараған болатын
Бұл туралы омбудсмен Нино Ломджария мәлімдеді.
«Мен келгенде Михаил Саакашвили дәрігердің қабылдауында болып, медициналық тексерістен өтіп жатты. Кейін бізге камерада сөйлесуге мүмкіндік берілді», – деді Ломджария.
Рустави қаласында экс-президентпен кездескен Нино Ломджарияның айтуынша, полиция саясаткерге қарсы күш қолданбаған. Өйткені Саакашвили тұтқындау барысында еш қарсылық білдірмеген. Тұтқындау кезінде экс-басшы пәтерінде бір өзі болған.