$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.10.2021, 16:00
Саясат

Түркістан облысында әкім орынбасары қамауға алынды

Шенеунікке 8 жыл бұрынғы сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша айып тағылды

Түркістан облысында әкім орынбасары қамауға алынды
Фото: livingasia.online

Түркістан облысында Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Марат Сейтімбетовке өзіне сеніп тапсырылған біреудің мүлкін жымқырды немесе иемденді деген айып тағылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан қаласының мамандандырылған тергеу сотының мәліметінше, мемлекеттік қызметкерге 2013 жылы жасаған сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша айып тағылған. Ол кезде Марат Сейтімбетов Сарыағаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы міндетін атқарған.

Шенеунік өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, мемлекеттік тапсырыс бойынша салынып жатқан және ауыл аудандарын қамтамасыз етуге арналған магистральдық газ құбырын жауапкершілігіне алды. Бұл ретте нысан 50%-ға ғана орындалды. Жоспардың жартысы ғана орындалғанмен мердігерлерге бюджеттен толық сома (30 млн теңге) төленген. Осылайша мемлекетке 15 млн теңге шығын келді.

Марат Сейтімбетов пен оның адвокаттары үйқамаққа орналастыру немесе кепіл төлеу туралы өтініш білдіріп, келтірілген барлық залалдың өтелгенін атап өтті. Бірақ оның әрекеттің ауырлығына байланысты сот прокурордың өтініші бойынша қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Бірқатар сараптама тағайындалды, іс бойынша куәгерлер анықталуда, тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары