2015 жылдан бастап жалпы сомасы 4,3 млрд доллар болатын 19 жоба іске қосылды
Жыл соңына дейін Қазақстанда 230 млн долларға қытайлық жаңа жобалар ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды LS.
Ұлттық компания бірлескен жобалар тізіміне 24,6 млрд долларға 56 ұсыныс кіретінін нақтылады, атап айтқанда, 15 жоба іске асырылып жатыр, ал 13-і пысықталуда, тоғызы – пассивті сатыда. Қытай инвесторлары биылдың өзінде төрт өндіріс ашқысы келеді. Жалпы құны – 230 млн доллар.
Kazakh Invest мәліметі бойынша, Алматыда үлкен диаметрлі болат құбырлар шығаратын зауыт іске қосылады деп күтіліп отыр. Инвестиция көлемі – 100 млн доллар. Қазақстан-Қытай кәсіпорнында 300 жұмыс орны құрылады.
Маңғыстау облысында су тұщыландыратын зауыт салынып, іске қосылады, 53 адам жұмыспен қамтылады. Жоба құны 60 млн доллар. Ал Жамбыл облысында металлургия өндірісінің мырыш-қорғасын қалдықтарын қайта өңдеуді жолға қояды. Жоба құны 20 млн доллар болатын нысанда 250 адам жұмыс істейді.
Қостанай облысында Қытай инвесторларының қатысуымен Жасыл станция ашылады. Өңірде құны 50 млн доллар болатын жел электр станциясы ашылады, 15 адам жұмыспен қамтылады.
Қазақстанда 2015 жылдан бастап жалпы сомасы 4,3 млрд доллар болатын 19 жоба іске қосылды. Ал биыл Қытай инвесторлары 200 млн доллар болатын екі өндірісті ашты.