Олар жаңа үкімет құруға атсалысуға әйелдердің мүмкіндігі болуы керек екенін айтты
Ауғанстанның Герат қаласында 70-ке жуық әйел наразылық білдіріп, ел билігіне жаңадан келген «Талибан» қозғалысының басшылығынан (Қазақстанда тыйым салынған) әйелдер құқығын сақтауды талап етті.
Митингке шыққан әйелдердің лидері Фрибе Кабрзани әйелдердің жаңа үкімет құруға атсалысуға мүмкіндігі болуы керек екенін айтты. Оның айтуынша, елдің соңғы 20 жыл ішінде жеткен жетістіктеріне ауған әйелдері айтарлықтай үлесін қосып, құрбандыққа көп барған.
«Бізді әлем естісе дейміз, өз құқығымызды сақтағымыз келеді», - деді митингті ұйымдастырған Фрибе Кабрзани.
Оның айтуынша, әйелдердің көбі өлтіреді деп қорыққаннан наразылыққа шықпаған.