$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.09.2021, 12:54
Саясат

Дәурен Абаев Жириновскийдің мәлімдемесіне жауап берді

Ресейлік депутат еліміздегі «ұлтшыл» тұрғындарды «Талибан» өкілдерімен теңестірген

Дәурен Абаев Жириновскийдің мәлімдемесіне жауап берді

Президент әкімшілігінің бірінші орынбасары Дәурен Абаев қазақстандық ұлтшылдарды Ауғанстан билігіне келген «Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған) қозғалысы өкілдерімен салыстырған ресейлік саясаткер Владимир Жириновскийдің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

«Біз Жириновскийдің Қазақстан туралы жария мәлімдемесіне мән беруді баяғыдан тоқтатуымыз керек. Тек шоу, саясат туралы дәнеңе де жоқ. Әрине, сайлау алдында сайлаушылардан ұпай жинауға тырысады. Оны қарындашпен емес, қолға попкорн алып тыңдау керек», - деді Абаев.

Қазақстандық саясаткер тіл және этносаралық қатынас турасында өз ойын айтты.

«Тіл мәселесіндегі және этносаралық қатынастар мәселесіндегі саясатқа келетін болсақ, Президент кеше жолдауында осы тақырыпта барлық сұраққа жауап берді, – деді Дәурен Абаев.

Серіктес жаңалықтары