Бас прокурор Елбасына 2019 жылғы жұмыстың негізгі қорытындылары туралы айтты
Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, деп хабарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.
Бас прокурор Елбасына 2019 жылғы жұмыстың негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге жоспарланған басты мақсаттары туралы мәлімет берді. Сонымен бірге, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне азаматтардың әлеуметтік-экономикалық саладағы құқықтарын қорғау бойынша атқарылып жатқан шаралар жайлы ақпарат ұсынылды.