«Кешірмейміз, ұмытпаймыз». Джо Байден Кабулдегі теракт үшін кек алуға уәде берді

Террорлық шабуылдан қаза тапқандар саны 110-нан асты

фото: AFP

2021 жылы 15 тамызда Ауғанстанда «Талибан» қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған) билікке келгеннен кейін, жергілікті тұрғындар үшін Кабул халықаралық әуежайы елден кетуге мүмкіндік беретін жалғыз орынға айналды. Бұл әуежай аумағында, соның ішінде жолақта кедергі жасауға ықпал етті.

26 тамызда Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігі бірнеше сағатта Кабул әуежайында террористік шабуыл болуы мүмкін деп мәлімдеді.

АҚШ Мемлекеттік департаменті америкалықтарға террорлық шабуыл қаупіне байланысты әуежайдан кетуді бұйырды.

Алайда, терактіні ешкім тоқтата алмады. Террорист көпшілік жиналған әуежайдың кіреберісінде жарылғыш құрылғыны іске қосып, өзін де өлімге қиды. Артынша екінші жарылыс тіркелді. Baron Hotel қонақ үйінің жанындағы көлікті жарылды. Аталған екі жарылыстан кейін атыс басталғаны жайлы айтылды.  

Жарылыс саны бойынша ақпарат әртүрлі. Reuters куәгерлердің айғақтарына сілтеме жасай отырып, әуежай маңында алты жарылыс тіркелгенін хабарлады.

Politico газеті америкалық әкімшіліктің дереккөзіне сілтеме жасай отырып, террорлық шабуыл үшін «Ислам мемлекеті» ұйымы жауапты екенін хабарлады. «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған) 160-қа жуық адам қаза тапқанын айтып, бұл терактіні жасағанын мойындады. Ал оны ұйымдастырушы - 2019 жылдан бастап шабуылдарды ұйымдастыруға көмектескен Халил Хаккани болып шықты.

Жарақат алғандардың саны ресми түрде 210 адамды құрап отыр. Ауған Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, шабуыл нәтижесінде 1 338 адам зардап шекті. Қаза тапқандар саны 110-нан асты, олардың қатарында 13 АҚШ әскері бар. Бұл 2011 жылы CH-17 тікұшағы апатқа ұшырағаннан кейінгі америкалық әскер үшін ең көп адам шығыны. Қаза тапқандардың ішіндегі кемінде 28 адамның «Талибан» қозғалысының өкілдері екені расталды.

Айта кетерлігі, бұл шабуыл 31 тамызда шетелдік әскерлерді Ауғанстаннан шығару мерзімінің аяқталуы қарсаңында елдегі хаосты күшейтті.

АҚШ президенті Джо Байден «Ислам мемлекеті» ұйымынан кек алуға уәде берді.

«Біз кешірмейміз. Ұмытпаймыз. Біз оларды қадағалап, жауап беруге мәжбүр етеміз», - деді Байден.

Алайда, Ақ үй басшысы террорлық шабуылдар АҚШ-тың Ауғанстаннан мыңдаған америкалық азаматты, одақтастар мен ауғандықтарды эвакуациялау миссиясын тоқтатуға мәжбүр етпейтінін айтты.

«Біз оларға миссиямызды тоқтатуға жол бермейміз. Эвакуацияны жалғастырамыз», - деп Байден соңғы 12 күнде елден 100 мыңнан астам адам шығарылғанын айтты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.